Қазір қаламызда не көп, интернет клубтар мен көңіл көтеру орындары көп. Бұл біреулер үшін табыс көзі, демалыс орны болғанымен, оң-солын тани қоймаған жасөспірімдер үшін кейде адасуға алып келетін ең оңай жолдардың бірі дейді құқық қорғаушылар.

Шымкенттегі Еңбекші аудандық әкімдігінің мамандары Еңбекші полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге рейд ұйымдастырды. Соның барысында түн ішінде жүрген бірнеше жеткіншек анықталды. Олардың барлығының құжаты жоқ. Сағат түнгі оннан кейін ойынханада жүрген бозбалалардың үстінен әкімшілік хаттама толтырылады.

Мына жасөспірім басында. «Жасым 18-де» деген кейіппен күле қарады
Мына жасөспірім алғашында «жасым 18-ге толған» деп сендірмек болды

Сондай-ақ, тексеру барысында Жібек жолы көшесінің бойында орналысқан көлік жуу бекеттерінің бірінде 17 жасар жасөспірімнің жұмыс істегені анықталды. Анықтау барысында оның ешқандай құжаттары болмай шықты. Ал көлік жуу бекетінің әкімшісі кәмелет жасына толмаған баланы жұмысқа қабылдағанын теріске шығарған жоқ.

Авто жуу бекеттерінің  бірінде 17 жасар жасөспірімнің жұмыс істегені анықталды.Тексеру барысында балада ешқандай құжаттары болмаған.
Жасөспірім көлік жуып жатыр 

Анықталған жасөспірімдердің барлығы Еңбекші полиция бөліміне жеткізілді. Анықтау жұмыстары жүргізіліп, түн ішінде жұмыс істеген жеткіншектің анасы баласының құжаттарын алып келді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=8DSioLhq0hY[/youtube]

Атап өту керек, Еңбекші ауданы бойынша 42 рейд өткізілген. Нәтижесінде 427 баланың үстінен хаттама толтырылып,18 ата-ана айыппұл төледі .Мамандардың айтуынша, мұндай іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын-алуда өз септігін тигізеді.