Шымкенттегі атышулы Чапаев елдімекенінде тағы да жарылыс орын алды. 19-қыркүйек күні сағат 15-30 шамасында Воронцов көшесіндегі № 2-ші үйдің алдында жарылыс орын алды. Қақпаның кіре берісінде қолдан жасалған жарылғаш зат іске қосылып кеткен. Соның салдарынан есікті ашқан 22 жастағы келіншек жарақат алды. Жарқыншақ оның аяғының етін жұлып кеткен.
Абырой болғанда келіншектің қолындағы сәби аман қалды. Ауыр жаратқан алған азаматшаны дәрігерлер қалалық жедел жәрдем ауруханасында жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың халі мүшкіл. Хирургтар оған дереу ота жасауға кірісті. Ал тәртіп сақшылары оқиға болған маңды қоршауға алып, анықтау жұмыстарын жүргізген. ӘЗірше жарылғыш заттардың қоспалары табыла қойған жоқ. Алдын ала болжам бойынша, бұл жарылысты бұған дейін де жарылыс ұйымдастырды деген күдікпен қолға түскен қылмыстық топтың сыбайластары жасаған. Полицейлер осындай мәлімет таратып отыр.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=fQO2J3TPF_Q[/youtube]