Облыс орталығының тазалығына жауапты «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің директоры Гүлнәр Сапарымбет «Тазалықтың көшбасшысы» деген атаққа ие болды.
Еліміз бойынша коммуналдық саланың үздігі атанған оған жуырда ҚР-дағы кәсіпорындардың Ұлттық бизнес орталығы «Қазақстан-ның даңқы» Ордені, «Қазақстанның көшбасшысы» медалі және «Қазақстанның көшбасшысы» ұлттық сертификатын салтанатты түрде табыс етті.
Айта кетейік, тәуелсіз сарапшылар Қазақстанның әр қаласында жүріп, сұрау салған. Шымкентке келіп, мыңға жуық адамның пікірін білген екен. Ал Астанада өткен салтанатты іс шараға Ресей, Украина және Белоруссия елдерінің үздік кәсіпорын басшылары қатысқан.
Ұлттық бизнес-орталығы – кешенді халықаралық рейтингтік жоба. Ұйым 7 жылдан бері Қазақстан, Ресей, Украина және Белоруссия елдерінің үздік кәсіпкерлерін қолдап-қуаттап келеді. Биыл тұңғыш рет Қазақстанда өтіп отырған шарада төрт елдің үздіктері марапатталған.