Бүгін Қазақстанда тұрып жатқан ұлт пен ұлыс өкілдері тіл мересін тойлауда. 100-ден аса ұлттың өкілін бір шаңырақ астына жинаған біздің өңірде «Тіл-достық көпірі» атты жастар форумы ұйымдастырылды. Форумда барлық ұлттың салт-дәстүрі насихатталып, ана тілдерінде ән шырқалды.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деп ұрандатқан жастар, форумды бір емес бірнеше тілде жүргізді. Өзін де, өзгені де жатсынбайтын Қазақ топырағында тұратын өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен тілін дамытуға шек қойылмаған. Мәселен, Оңтүстіктегі өзге ұлт өкілдерінің 83,5 пайызы өз тілінде білім алады екен. Бірақ, олардың 75 пайызы қазақ тілін меңгерген.
Мемлекеттік тілді үйренуге деген құштарлық жоқ емес. Бүгінде 13 мыңға жуық өзге ұлттың баласы қазақ мектептерінде білім алады. Мемлекеттік тілді еркін меңгеріп, тіл дамытуда өзіндік сүбелі үлесін қосып жүрген белсенді азаматтар мерекеге орай облыс әкімінің мақтау қағазына ие болды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=VdGsDfIIbRI[/youtube]