Таяуда үш айға созылған сот отырысына нүкте қойылды. Облыстық жәрдемақы төлеу орталығы 3 жыл бойы интернатта тәрбиеленген жарымжан баласы үшін жәрдемақы алып келген ата-ананы қаржыны қазынаға қайтару туралы шешім шығарды. Қаржының бәрін перзентінің денсаулығына жұмсағанын айтып ақталған ананы енді 390 мыңдай теңгені қазынаға қалай қайтаратыны алаңдатып отыр.
Сонымен, жарымжан баланың анасы Жанар Сманова мүгедек баласы үшін мемлекеттен алған 390 мың теңгеге жуық қаржыны қазынаға қайтаратын болды. Мемлекеттен алған ақшасын мүмкіндігі шектеулі баласына жұмсаған ананы соттың бұл шешімі абдыратып тастады.
Жанар Сманова, мүгедек баланың анасы: «Шешім әділ болған жоқ. Мен сот алдында ақшаның бәрі қайда кеткенін дәлелдеп бердім, тіпті, Алматы қаласындағы емханаларға жұмсалған қаржылардың да дәлелін әкелдім ғой».
Туы бітті құлағының мүкісі бар он жасар Сәбина үш жылдан бері интернатта тәрбиеленген. Осы уақытта оның ата-анасы мемлекеттен тағайындалған төлемді алып отырған. Ал, бұл заңға томпақ екен. Сондықтан жәрдемақы төлеу орталығы жарымжан баланың анасын сотқа берді.
Осылайша үш айға созылған сотқа нүкте қойылды. Заң талабы осылай болғасын ананың мойынсынудан басқа амалы жоқ.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=vi6O777t1gw[/youtube]