«Жұмыс таптым» жұмыс істемей тұр

Мемлекеттік жастар сая-сатын тиімді жүзеге асыру мақсатында облыстағы 12 басқарма және департаменттермен бірлескен іс-шаралар жоспары түзіліп, бекітілді

2030-ға жоспар құрып, оны 2050-ге ұзартқан Қазақстанның тарих қойнауына және бір жылын жіберетін уақыты таяп қалды. 2013-тің жазы өтіп, ақырамашы да жетті. Жастардың тынысына құлақ түріп, бағыт-бағдарын айқындап отыратын Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының осы жылдың алғашқы алты айында не атқарып, не тындырғанын саралап көрмекпіз.

Мемлекеттік жастар сая-сатын тиімді жүзеге асыру мақсатында облыстағы 12 басқарма және департаменттермен бірлескен іс-шаралар жоспары түзіліп, бекітілді
Мемлекеттік жастар сая-сатын тиімді жүзеге асыру мақсатында облыстағы 12 басқарма және департаменттермен бірлескен іс-шаралар жоспары түзіліп, бекітілді

Бұл жылы басқарма облысымыздағы жастар саясатын жүзеге асырудың жүйесін әзірледі.

Атап айтар болсақ: облыстағы тиісті басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің жастар өкілдерімен кездесу кестесі түзіліп, облыс әкімі бекітті. Бекітілген кестеге сәйкес, 2013 жылдың аяғына дейін әр сала басшысы өздеріне қатысты сала бойынша жастар өкілдерімен кездесіп, көкейлерінде жүрген мәселелерді талқылап, тікелей құзыретіне жататын сала басшыларымен проблемалардың шешу жолдарын қарастырады.

38-047

Мемлекеттік жастар сая-сатын тиімді жүзеге асыру мақсатында облыстағы 12 басқарма және департаменттермен бірлескен іс-шаралар жоспары түзіліп, бекітілді.

Мемлекеттік мекемелерден бөлек, үкіметтік емес ұйымдардың да қоғамдағы өзіндік орны бар.

Әділет басқар-масының мәліметіне сүйенсек, облыс-та 900-ден астам үкіметтік емес ұйым бар. Сол ұйымдардың 78-і жастар қоғамдық ұйымдары екен.

Осыншама ұйым не атқарып, не бітіріп жатыр деген сұрақ туындайды.

38-050

Басқарманың мәлімдеуінше, олардың шаруасы жастарды отансүйгіштікке баулып, ауыл жастарының тұрмысын жақсарту. Онымен қоймай, студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Бұл жұмыстарға 35 мыңнан астам жас жұмылдырылған.

Биылғы жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде жастарды жұмыспен қамту үшін, республикалық бюджеттен облысымызға 946,7 млн теңге бөлініпті. Бағдарлама аясында, жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдарға жұмыс іздеп келген 11 мыңдай жастың 5 мыңнан астамы жұмысқа орналасқан.

38-049

Облыс бойынша 2013 жылдың 1 маусымына 791 кәсіпорынмен келісімшарттар жасалып, оларға жастар практикасына жұмыссыз жүрген 1984 жас маман жіберілді. Атап айтқанда, білім саласында – 678, денсаулық сақтау саласында – 472, ауылшаруашылық саласында – 39, өнеркәсіп саласында – 72, салық пен құқық қорғау саласында – 150, экономиканың басқа да салаларында – 573 жас маман практикадан өтті.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселері бойынша 2013 жылдың басынан бүгінге дейін «Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы шеңберінде 29 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліпті. Жәрмеңкеге 1137 жұмыссыз қатысып, 351 азамат тұрақты жұмысқа орналасса, оның 105-і жастар, яғни 30%-ды құрап отыр.

Биылғы жылдың жаңалығы сол, Өзге облыстағы жұмыссыз жастарға қолдау көрсету, оларға бос жұмыс орындары туралы ақпарат беріп отыру мақсатында www.жұмыс таптым.kz веб-сайты ашылды. «Жұмыс таптым» электронды еңбек биржасы деген атпен атойлаған бұл ресурстың домені zht.kz. Алайда сайт қазір жабық тұр.

Облыс бойынша 2013 жылдың 1 маусымына 791 кәсіпорынмен келісімшарттар жасалып, оларға жастар практикасына жұмыссыз жүрген 1984 жас маман жіберілді
Облыс бойынша 2013 жылдың 1 маусымына 791 кәсіпорынмен келісімшарттар жасалып, оларға жастар практикасына жұмыссыз жүрген 1984 жас маман жіберілді

Кезінде осы сайттың таныстырылымы болған кезде біраз уәделер үйіліп-төгілген еді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүйесі туралы нақтырақ айтылып, түйіндеменің қалай жазылатыны көрсетіліп тұрады деген сайт, қазір жұмыс істемей тұр. Бұл электронды биржаның мақсаты – жергілікті жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, анықталған бос жұмыс орындары жайлы мәліметті биржаға тіркелген жастардың электронды поштасына жіберіп отыру болатын. Электронды биржаның таныстырылымы кезінде сайтқа Шымкент қаласындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының 6 000 бітіруші түлектерінің электронды поштасы тіркелген деп хабарланған болатын. Бұл биржаның және бір жетістігі – жастардың уақытын көңілді өткізуіне себепкер болу. Яғни тәрбиелік мәні бар әдеби-сазды кештер немесе театр қойылымдарының қайда және қашан өтетіні жайлы жастардың ұялы телефоны мен электронды поштасына ақпарат жіберіліп тұрады.

Түйіндеме орналастырып, жұмыс беруші мен жұмыс іздеушінің арасында байланыс қызметін атқаратын рекрутингтік сайттардың қолданылу аясы кеңейді. Қажеттілік пайда болды. Демек сол қажеттілікті қанағаттандыру қажет. «Жұмыс таптым» электронды биржасы осы керектің орнын аз да болса толтыруға бағыт алған дүние еді.

38-048

Өкінішке орай сайт өшірулі. Қандай қоғам болмасын еңбек нарығының жүйеленуі шарт. Халқының саны 3 миллионға жетер күні алыс емес Оңтүстік өлкесі үшін жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші арасындағы қатынасты оңтайландыратын жүйенің болуы ауадай қажет. Осыны жүйелеуге бағыт болады делінген «Жұмыс таптым» жұмыс істемейді. Екі қолға бір күрек іздеген жасты сенделте бермей, ығы-жығы өмірден орнын табуына жәрдем берудің маңыздылығы жоғары. Интернеттің күнделікті өмірге дендеп енгені былай тұрсын, орнығып алғаны себепті де бос жұмыс орындары туралы мәліметтің әлемдік желі арқылы таралуы екі жақ үшін де тиімді. Оңтүстік жұртшылығына да осындай бір ақпараттық байланыс қызметін атқаратын электронды қызмет түрі қажет.

Жәнібек НҰРЫШ