Жабайы сауда жойылмай тұр

Қаладағы жабайы саудамен күрес жылдар бойы жүргізіліп келеді. алайда оның ұйымдастырылуы дәл бүгінгідей болса, Шым қаланың шырқы жақын арада кіре қоюы екіталай.
Қаладағы жабайы саудамен күрес жылдар бойы жүргізіліп келеді. алайда оның ұйымдастырылуы дәл бүгінгідей болса, Шым қаланың шырқы жақын арада кіре қоюы екіталай.
Қаладағы жабайы саудамен күрес жылдар бойы жүргізіліп келеді. Алайда оның ұйымдастырылуы дәл бүгінгідей болса, Шымқаланың шырқы жақын арада кіре қоюы екіталай.

Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары қаладағы жабайы сауданы жоюға шықты. Алайда, тәртіп орнатуға бағытталған тірлік еш кетті. Еңбекші ауданына қарасты аймақтағы заңсыз сауданы реттеуге шақыртылған СЭС мамандары, аумақтық инспекцияның өкілдері, тіпті, сәулет және қала құрылысы бөлімінің өкілдері де төбе көрсеткен жоқ. Ал учаскелік полицейдің өзі кездейсоқ келіп қалып, бір ғана саудагерге айыппұл салды.

Ұйымдастырушылардың өзара тартысы ретсіз сауда жасаушылар төбе көрсетпей қашып кетуіне көмек болды. Сөйтіп, учаскелік полицейдің кешігуі заңсыз саудагерлерді айыппұлдан құтқарды. Ал шара қолданылмағасын нәтиже де шықпайды.

Абзал Пірімқұлов, Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы: «Мысалы, бүгін рейд ұйымдастыратын болсақ, саудагерлер жабайы саудаға ертеңгісін қайтадан шығады. Сондықтан біз жергілікті учаскелік инспекторларғе жүгініп, күнде осыларға хаттама толтырудамыз».

Арнайы топтың алауыздығынан бүгін бір ғана саудагерге айыппұл салынды. Екінші рет заң бұзған келіншек енді мемлекетке 5 мың теңге төлейді. Мұнан кейін тағы да көшеде сауда жасайтын болса, айыппұлдың да көлемі ұлғая түспек.

Қайрат Қалдарбеков, Еңбекші аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы: «Бұларды қойдыру үшін күнде рейд жасау керек. Екі апта қатарынан көше тексеруге шықсақ, жабайы сауданы жоюға болады деп ойлаймын».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=RJvhBh_90lk[/youtube]