Жарылыстан жарақат алған келіншекке ота жасалды

22 жастағы Қарлығаш қазір ауруханада жатыр

Чапаевкада орын алған жарылыстан зардап шеккен 22 жасар келіншекке ота жасалды. Жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген кезде зардап шегушінің оң аяғының табаны жұлынып, сол аяғының 25 пайызы жері күйіп қалған еді. Дәрігерлер «қазіргі таңда науқастың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ» дейді.

22 жастағы Қарлығаш қазір ауруханада жатыр
22 жастағы Қарлығаш қазір ауруханада жатыр

 Осыдан жарты жыл бұрын тура осы Чапаевка елдімекенінде жарылғыш заттың іске қосылуынан бір қария мен оның немересі зардап шеккен еді. Сол кезде тәртіп сақшылары төрт күдіктіні ұстаған. Ал мына соңғы жарылыс тергеуді жаңылдырмақ болған сол сезіктілердің сыбайластарының әрекеті болуы мүмкін.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=1DYrq8r490E[/youtube]