Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қалалық кәсіпкерлік бөлімі мен экономика және қаржы бөлімдерінің мамандары бас қосты.
Билік партиясының өкілдері өткізген жиында сала мамандарын өз ісіне адал болуға шақырды. Жалпы, мұндай жиын аталған бөлімдерде жиі өткізіліп тұрады.
Бүгінгі басқосу да жыл басынан бері алтыншы рет өткізіліп отыр. Осындай кездесулердің нәтижесінде аталған бөлімдерде осы күнге дейін жемқорлыққа жол берген бірде-бір факті тіркелген жоқ дейді басшылық.
Руслан Бақтыбаев, Шымкент қалалық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары: «Әдетте, телеарналарда жемқорлыққа жол беріліп қойғаннан кейінгі жағдайлар көрсетіледі. Бұл, әрине, өзекті өртер жайт. Сондықтан біз сыбайласқан жемқорлық болмай тұрып, оның алдын алайық деп шештік».
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=SFdXWyjuDUM[/youtube]