Жер және мүлік салығын төлеу мерзімі 31-қыркүйекте ақталады. Алайда салық басқармаларына келіп жатқан адамдардың саны аз.
Манасбек Жұрымбаев, ҰОС ардагері: «Жылдың аяғы ғой деп салықты төлеуге келдім. Балам Астанада, жақын арада келмейді. Осылайша оны күтпей өзім төлеуді ұйғардым.»
Егер үй ҰОС ардагері Манасбек Жұрымбаевтың атына рәсімделгенде, онда барлық салық төлемдерінен босатылатын еді. Дегенмен, жауапты зейнеткерде тағы бір проблема туындады. Қария баласының жеке куәлігінің көшірмесін алып келмепті. Жеке сәйкестендіру нөмірінсіз мүлік және жер салығын төлей алмайсыз. Алайда мамандар салық базасынан ардагердің баласының жеке сәйкестендіру нөмірін алуға көмектесті. Осы арада салықшылар тұрғындардан борыштарын тез арада төлеуді.
Әбілқасым Әбдраманов, Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасының бөлім бастығы : «Жер мүлігінен жиналуға тиісті төлемнің көлемі 46 миллионн 543 мың теңге болса, қазіргі күнге дейін қанызаға 22 миллион 786 мың теңге түсті. Ал мүлік салығынан биыл 34 миллион 832 мың теңге жиналуы тиіс, бюджетке бүгінге түскені — 20 миллион 425 мың теңге».
Салықшылардың айтуынша, салықтан жалтырып жүргендер де жеткілікті. Қазіргі таңда сотта 246 іс қаралуда. Ондағы жер салығы бойынша қарыз 3,5 миллион теңгені құрап отыр.