Жезөкшелерге пәтерін жалға бергендер сотты болды

Пәтерді тәулікке жалға беру және жеңгетайлықпен қарсы күрес жалғасуда

Шымкенттің 35 жастағы тұрғыны сотталды. Ол Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі пәтерін жезөкшелерге жалға берген. Тәртіп сақшылары өткізген рейд кезінде осы пәтерде тәнін сатумен айналысатын 3 бикеш ұсталды. Түнгі көбелектерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ал жынойнаққа айналған пәтердің иесіне 174 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Фотосурет мұрағаттан алынды
Фотосурет мұрағаттан алынды

Шәмші Қалдаяқов көшесінің тұрғындары жалдамалы пәтерлерде жиі боп тұратын ұрыс-керіс пен жағымсыз дауыстардан шаршаған. Олардың басты қауіптенетіні — мұндай ахуал осы маңда тұратын балалар мен жасөспірімдерге теріс әсер етуі әбден мүмкін.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=x9aq_5Z48Ow[/youtube]

Қазіргі таңда құқық қорғаушылар пәтерлерді жалға беру мәселесін қатаң бақылауға алған. Олар күнделікті тексеру жұмыстарын жүргізу барысында жалға берілетін пәтердің иелерін анықтап, есепке қояды.