Күз келсе де бауырымен жорғалаушылар әлі ұйқыға кеткен жоқ. Жыландар енді жер үйлерді қойып, көппәтерлі үйлерге де кіруді шығарған. Осындай оқиғалардың бірі Тәуке хан даңғылы бойындағы 4-үйде орын алды.
Осындағы пәтерлердің бірінде тұратын азаматша түн ішінде 112 нөміріне хабарласып, көмек сұраған. Үйіне жылан кіріп кетіпті. Пәтерде жалғыз өзі болғандықтан, қатты қорыққанын айтады. Құтқарушылар тез арада көрсетілген мекенжайға келіп, шақырусыз келген қонақты ұстап алды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=o_8W1tqmuZ4[/youtube]
Айта кету керек, үйге жыланның кіріп кеткенін ең бірінші болып мысық байқапты. Абырой болғанда түн ішіндегі дүрбелең тыныш аяқталды.