Апта соңында Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады. Синоптиктер қазанның 25-інен бастап күн райы күрт төмендейтінін мәдімдеді синоптиктер. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шымкентте көшпелі бұлт шығып, аздап жауын жаууы ықтимал.

Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады, бірақ жылы күндер алыстамайды дейді синоптиктер
Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады, бірақ жылы күндер алыстамайды дейді синоптиктер

Облыстың кей жерлерінде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Қазанның 28-не жауынның соңы қарға ұласады деген болжам да бар. Ауа температурасы облыс бойынша күндіз небәрі +3,+8 градус жылылықты көрсетсе, түнде 0,-2, кей жерлерде – 5 градусқа дейін суық болады.