Өзбек халқының дәстүрлі мерекесі тойланды

Өзбек халқының тілі мен салт-дәстүрі мерекесі тойланды

 Шымкенттегі Абай саябағында өзбек ұлтының тілі және дәстүрі күні мерекесі аталып өтілді. Кернай мен сырнайдың сазды дауысы алыстан естіліп, мерекеге барша халықты шақырды.

Өзбек халқының тілі мен салт-дәстүрі мерекесі тойланды
Ұлттық киім киген өзбек қыздары

Мерекеде өзбек халқының салт-дәстүрі көрсетіліп, жиналғандарға қолөнер бұйымдары паш етілді. Тағдыры мен тарихы қазақпен тамырлас халықтың мерекесіне елдің өзге аумақтарынан, тіпті, көрші елдерден де қонақтар келген. Сондай-ақ, мерекеде өзбек халқының ұлттық тағамы — палау басылып, жиналғандар одан дәм татты.

Икрам Хашимжанов, облыстық өзбек драма театрының директоры:  «Әрбір қала-аудандардан өзбек халқының бетке ұстар азаматтары келіп жатыр. Мерекеде 25 келі күріш басып, палау пісірдік.  Бес мың дана балмұздақ таратып жатырмыз. Барлығы сән-сәнімен болып жатыр.»