Апта соңында Оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады. Синоптиктер қазанның 25-інен бастап күн райы күрт төмендейтінін мәдімдеді синоптиктер. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шымкентте көшпелі бұлт шығып, аздап жауын жаууы ықтимал.
Облыстың кей жерлерінде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Қазанның 28-не жауынның соңы қарға ұласады деген болжам да бар. Ауа температурасы облыс бойынша күндіз небәрі +3,+8 градус жылылықты көрсетсе, түнде 0,-2, кей жерлерде — 5 градусқа дейін суық болады.