«Ұзын ата» мақта зауыты іске қосылды

907
Ақ алтын қырманға жиналып жатыр

Оңтүстік бойынша ақ алтынды егуде Шардара ауданы алда келеді. Биыл танаптардан 55 мың тонна мақта жинап алған шардаралықтар өз өнімдерін өздерінде өңдейтін болады. Ұзын ата ауылында 2011 жылы қазығы қағылған мақта зауыты араға екі жыл салып салтанатты түрде ашылды.

Ақ алтын қырманға жиналып жатыр
Ақ алтын қырманға жиналып жатыр

Сәрсенбай Асанов, «Ұзын ата» мақта зауытының директоры: «Шардара ауданында Мақтаарал және басқа аудандарға қарағанда мақта талшығы өте жоғары. Біз басшылармен ақылдасып осы жерді таңдадық. Шардара ауданында бұл үшінші зауыт болып есептеледі. Бірақ Қазақстандағы жаңа технологиямен салынған алғашқы зауыт».

«Бизнестің жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарамасы аясында 700 миллионнан астам теңгені «Еуразиялық» банк арқылы 7 жылға несиеге алып, зауыт жұмысын бастады. Өндіріс соңғы үлгідегі қытай технологиясымен жабдықталып, жұмыс толығымен автоматтандырылған. Зауыттың мақта қабылдайтын 30-дан аса цехы жұмыс істейді. 300-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтыған өндіріс жылына 40-45 мың тонна шитті мақтаны өңдей алады.

Салтанатты рәсімнің лентасын аудан әкімі өзі кесті
Зауытты салтанатты түрде аудан әкімі ашып берді

Қамытбек Айтөреев, Шардара ауданының әкімі: «Зауыт науқан кезінде 450-ден 1000-ға жуық жұмыс орнын ашып,  тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. Зауыттың іске қосылуы — ауданның әлеуметтік-экономикалық жағынан өсуіне елеулі үлес қосады».

«Ұзын ата» мақта зауыты — облысымыздың индустрияландыру картасына енгізілген нысан. Осы уақытқа дейін өндірілген мақта Ресей, Қытай, Украина мемлекеттеріне жіберіліп үлгерген.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Z0OBoeUssto[/youtube]

 Нұржан Алтаев, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ОҚО бөлімшесінің төрағасы: «Ұзын ата» мақта зауыты индустрияландыру картасы арқылы ашылып отыр. Бұған қоса алдағы уақытта өңір бойынша құны 448 миллиард теңгені құрайтын 150 жоба жүзеге асырылады деп күтілуде. Соның нәтижесінде облыс аумағында 19 мың жаңа жұмыс орындары ашылады.»