Жер дауын шеше алмағандардан бастап алаяқтардан жапа шеккендерге дейін. Бұлар — бас партияның қоғамдық қабылдауына келгендер. Бұған қоса ашық өткен қабылдауға шағымын айтып келгендердің арасында құқыққорғаушылардың қызметіне көңілі толмайтындар мен сот шешіміне қанағаттанбайтындар да бар.
Өңіріміздің түкпір-түкпірінен келген азаматтардың сұрақтарына облыстық прокуратура, ішкі істер департаменті және қаржы полициясының басшылары жауап берді. Солардың бірі — үш жылдан бері алаяқтың құрбанына айналып, баспанасы үшін араша сұрай келген Гүлжанар Аханова соңғы үміті бас партияда екенін жеткізді.
Гүлжанар Аханова, Қайнарбұлақ саяжайының тұрғыны: «Менің басқа баратын жерім жоқ. 55 жасқа келгенде қаңғып өлмеймін. Өлсем де үйімді ол алаяққа бермеймін! Балаларым кішкентай. Осы «Нұр Отан» көмек береді деп келдім. Басқа амалым жоқ. 20 мың теңге алып, үйімді беретін ақымақ емеспін. Арыздансам, Абай полиция бөлімінің тергеушілері мені тыңдағысы келмейді.»
Айта өтейік, арыз-шағымын арқалағандардың басым бөлігі ашық әрі жариялы өтетін қоғамдық қабылдаудан әділдік іздейді. Мәліметтерге сүйенсек, «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалына күніне шағымданып келетіндердің саны артпаса, кемімеген.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=kpfnVIppLTI[/youtube]