Экстремист сотталды

Түркістандық Ш.Абдукаримов деген азамат тыйым салынған «Хизбут-Тахрир-аль-ислам» экстремистік ұйымының мүшесі болып қана қоймай, өзгелерге сол ұйымның жұмысын насихаттайтын дискілерді таратып келген

Түркістандық Ш.Абдукаримов деген азамат тыйым салынған «Хизбут-Тахрир-аль-ислам» экстремистік ұйымының мүшесі болып қана қоймай, өзгелерге сол ұйымның жұмысын насихаттайтын дискілерді таратып келген.

Түркістан қаласының прокуратурасы ҚІІБ-мен бірлесе отырып ұйымдастырған іс-шаралардың нәтижесінде Абудикаримовты бұлтартпас айғақты заттармен қылмыс үстінде қолға түсірді. Ол Түркістандағы «Хилует» мешітінің жанында өзіне бейтаныс азамат М.Исабековты көріп қалып, мәтіндерінде ұлттық, діни араздықты немесе алауыздықты қоздыруға бағытталған белгілері бар 3 дана DVD дискілерді: «көрсең өкінбейсің» деп беріп тұрғанда қолға түсті.

Аталған оқиға бойынша Түркістан ҚІІБ-мен Ш.Абдукаримовқа қатысты ҚР ҚК-нің 164 бабы 1 бөлімімен, 337-1 бабы 2 бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдарының нәтижесінде қылмыстық іс сотқа жолданды Түркістан қалалық сотының үкімімен Абдукаримов Шухратқа 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіленді.

А.Пашаев, Түркістан қаласының прокуроры