Наталья Бузова - Үздік педагог!

Еліміздің ең  үздік педагогы Шымкентте жұмыс істейді. Қаламыздағы «Күншуақ» балабақшасының музыкалық жетекшісі Наталья Бузова республикалық байқаудан бас жүлдені жеңіп келді. Бес мыңнан астам педагог бақ сынаған сайыста ұстаздардың білімімен қатар шәкірттермен жұмыс жасауы да бағаланған. Ал доданың ақтық мәресіне осы үздік ұстаздардың тек 48-і  ғана жолдама алыпты. Астандағы бұл байқауға алғаш рет қатысқан Наталья Николайқызының 40 жылдан астам уақыт балабақшада еңбек етіп келеді. Жеңімпаз байқауда өзінің әдістемелік кітабын таныстырған.

Наталья Бузова - Үздік педагог!
Наталья Бузова – үздік педагог!

Наталья Бузова, мұғалім: «Барлығы тез өтіп кетті. Өзім де түсінбей қалдым. Мен қуанышымды сөзбен жеткізе алмай тұрмын. Расында мен балабақшаның жемісті жұмысын көрсете білдім деп ойлаймын. Қарсыластарым да осал болған жоқ. Бәрі де өз мамандығының шеберлері. Мен 4 бірдей әдістемелік кітапша жазып шықтым. Оның алғашқысы саздық топтама, онда музыкалық сабақтың өтілуі толық жазылған. Ал екеуі мерекелік іс-шаралардың сценарийлері. Ал төртінші әдістемелік жинақта балабақшадағы дайындық кіші топтарға арналған мемлекеттік стандартқа сай сабақтың өтілуін айттым.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=0us-y5I7iow[/youtube]

Ұстаз болашақта да балаларға білім беруде аянып қалмайтынын айтады. Бастысы жаңа технологияны меңгеріп, жаңа бағдарламадан қалыс қалмау керек дейді маман. Ендеше, шәкіртті білім нәрімен сусындатып жүрген мұғалімге тек сәттілік тілейміз!