Фармацевты подводили итоги летней учебно-производственной практики

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында фармацевтика факультеті студенттерінің жазғы өндірістік тәжірибесінің қорытындысы талқыланды. Осы орайда білім ордасында «Білім және кәсіби машық –  замануи білім беру жүйесінің, кадр даярлаудың негізгі бағдары» атты әдістемелік конференция өтті. Оқу-өндірістік тәжірибе екі пән бойынша – дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификаттау, сонымен бірге сот-химиялық сараптау және аналитикалық диагностика бойынша өтті. Оның барысында фармацевтикалық факультеттің 4-5-курс студенттері теориялық білімдерін тәжірибеде ұштастыруға үйренді. Бұл жағынан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының үлгі тұтар тұстары жетерлік.

Фармацевты подводили итоги летней учебно-производственной практики
Фармацевттер бас қосты

Сәуле Ордабаева, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі: «Өндірістік тәжірибені өткізетін базалар – Мәскеу мен Башқұрт мемлекеттік медицина университеттері, Украина ұлттық фармацевтика университеті, Қарағандыдағы фитохимия ғылыми-өндірістік холдингі, Астана мен Аламтыдағы сот сараптама орталықтары. Мұндағы білікті мамандардан жинақтаған тәжірибелері студенттерге болашақта қажет болады.»

Жазғы өндірістік тәжірибеден 160 студент өтті. Олардың бірқатары таңдаған мамандықтың қыр-сырын өңіріміздегі кәсіпорын мен мекемелерде үйренді. Олар» Химфарм» АҚ, Ұлттық дәрілік заттарды сараптау орталықтарының филиалы, сот-сараптама орталықтары мен Орынбаев атындағы токсикология орталығы.

Оқу-өндірістік тәжірибені өткізген мекемелердегілер студенттерді оқытып отырған академияның оқытушы құрамына риза.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_7cqw7Hex3k[/youtube]

Жүнісбек Ұғланов, сот-сараптама орталығының сарапшы-химигі: «Балалардың академияда алған білімдері жаман емес. Қызығушылығы да қуантады. Академия басшылығының  студенттерге   тәжірибелерін Қазақстанмен қатар ТМД елдерінде өткізуіне мүмкіндік бергені құптарлық іс болды.

Академия басшылығы қазірден бастап келер жылда өтетін оқу-өндірістік тәжірибені өткізетін орындарды пысықтауда. Мәскеу, Уфа, Харьков, Астана, Алматы және Шымкенттегі жоғары оқу орындары және кәсіпорындармен келісім-шарт жүргізілуде.