"Изуми" СЖ-нің өкілі Оксана Педченко мүмкіндігі шектеулі жандарға ақшалай сый табыстады
"Изуми" СЖ-нің өкілі Оксана Педченко мүмкіндігі шектеулі жандарға ақшалай сый табыстады
«Изуми» СЖ-нің өкілі Оксана Педченко мүмкіндігі шектеулі жандарға ақшалай сый табыстады

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай шахмат пен дойбыдан турнир өтті. Облыстық мүгедектер спорт мектебі мен қазақ зағип жандар қоғамының өкілдері сайысқан шараға  «Изуми» сауда желісі қолдау көрсетті.

Шахмат пен дойбы ойынын ұйымдастыруда қолдау көрсеткені үшін мүгедектерге арналған спорт мектебінің директоры демеушіге алғыс хат табыс етті. «Изуми» сауда желісі мұндай шараларға үнемі мұрындық болып келеді.

Оксана Педченко, «Изуми» сауда желісінің өкілі: «Изуми» сауда желісі қайырымдылық акцияларына тұрақты түрде қатасып тұрады. Бүгінгі спорттық шараға да қатысып отырмыз. Бұл біздің ғана емес, біздің сатып алушыларымыздың да үлесі. Шымкенттің әрбір тұрғынын жылылық пен қайырымдылық танытуға шақырамыз».

 

ОҚО-да 5 мыңдай зағип жан болса, соның 2 мыңы Шымкентте тұрады
ОҚО-да 5 мыңдай зағип жан болса, соның 2 мыңы Шымкентте тұрады

Турнир басталмас бұрын республикалық додаларда топ жарғандар марапатталды. «Изумидің» өкілі сауда желісінің директоры Өмірәлі Ералиевтің атынан ақшалай сый жасады. Олардың арасында Қазақстанның шахматтан бірнеше дүркін чемпионы Надежда Трофимова да бар.

Надежда Трофимова, шахмат турнирінің қатысушысы: «Ұйымдастырушылар мен демеушілерге алғысым шексіз. Спортшыларға жасалынған жақсылық, кеудедегі қуаныш үшін рахмет».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=DSw6KYNV-iI[/youtube]

Турнирге 37 мүмкіндігі шектеулі спортшы қатысты. Ертең жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Оза шапқандарға «Изуми» СЖ-нің бағалы сыйлығы табысталады.