Студенттер "қонақтап" кеткен соңғы көрініс

 Көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында тазалық сақталмайды. Оған Әл Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжановтың өзі арнайы топ құрып, шыққан рейдте көз жеткізді. Әсіресе, жоғары оқу орындарына жақын орналасқан аулалар қоқыстан көз ашпайтын көрінеді.

Студенттер аулаларды демалыс орнына айналдырып алған
Студенттер аулаларды демалыс орнына айналдырып алған

Әкім бастаған топ, ә дегеннен-ақ, ауланы ластап отырған студенттерге тап болды. Дегенмен, жоғары оқу орнының студенттері ешқандай тәртіп бұзбағандарын алға тартып, ақтала кетті.

Нұрдәулет Тыныбек, студент: «Біз әншейін отырмыз. Темекі шегіп, насыбай атып отырғанымыз жоқ. Тәртіпті білеміз.»

Студенттер "қонақтап" кеткен соңғы көрініс
Студенттер «қонақтап» кеткеннен кейінгі көрініс

Алайда, көпқабатты үйдің тұрғындары әр студенттің соңынан қоқыс теріп, ескерту жасаудан шаршағандарын айтады. Таңертең тазаланған аула түс ауа қоқысханаға айналады. Осыдан барып, тұрмыстық қалдықтарды жинайтын компаниялардың еңбегі еш кетіп, көзге көрінбейтін көрінеді.

Валентина Александровна, көпқабатты үйдің тұрғыны: «Барлық студенттер осы жерге жиналады. Таңғы сағат сегізден бастап, кешке дейін жүзі келіп-кетеді. Олар сабақ оқымайды. Ішіп жейді, арттарын жинамай кетеді. Айтсаң, өзіңді мазақ етеді.»

Тексеру тобына пысқырып қарамағандарды былай қойғанда, қыр көрсеткен жастар көп болды. Олар студенттерді емес, бірінші тазалық мекемелерінің жұмысын пысықтап алуды меңзейді.  Аула ішін қоқытатын студенттер емес, тұрғындарды өзі деп дүрсең қойғандар да көп болды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=cWOHfZgDNiw[/youtube]

Тазалық жұмыстарына білек сыбана кіріскен Әл Фараби аудандық әкімдігі көше бойына тасталған қоқыстарды да, ауладағы қалдықтарды да назардан тыс қалдырмады. Бүгін тек ескерту беріп шектелсе, енді қомақты айыппұл салатындарын да жеткізді.

Бауыржан Қалжанов, Әл Фараби ауданының әкімі: «Жоғары оқу орындары осы Әл Фараби ауданында көп орналасқан. Сондықтан студенттер де көп. Олардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді өзіміз нәтижелі болады деп есептейміз.»