Сейсенбі күні таңертеңгі кептелісте жол апаты орын алды. Қаламыздағы Қонаев даңғылы мен Ілияев көшесінің қиылысында Тойота және Опел-Вектра көліктері соғысып қалды.
Оқыс оқиға орнына жол полициясының қызметкерлері тездетіп жетіп, жедел жәрдем көлігін шақырды. Абырой болғанда жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Ал екі жүргізуші жарақат алды. Оларға дәрігерлер алғашқы көмек көрсетті.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=LKm99BjuBjM[/youtube]
Жол апатына кімнің кінәлі екені әзірге беймәлім, оны алдағы уақытта жол сақшылары анықтай жатады. Ал қатты соғылған көліктер айыппұл тұрағына жеткізілді.