Мемлекеттік бағдарламаны мамандардың өзі меңгере алмай отыр

228
мамандар тест тапсырып, білім-біліктіктерін сынады

«Жұмыспен қамту — 2020 жол картасының » жүзеге асырыла бастағанына 2 жылдан асып кетті. Дегенмен, бағдарламаны іске асыруда шикіліктер көп. Себебі, былайғы жұртты айтпағанда сала мамандарының өзі бағдарламаның бағыттарын жіті түсіне бермейді. Осы олқылықты жою мақсатында Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығында «Жұмыспен қамту -2020 жол картасының» оң имиджін қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарына арналған семинар кеңес өтті.

мамандар тест тапсырып, білім-біліктіктерін сынады
Мамандар тест тапсырып, білім-біліктіктерін сынады

Сала мамандары осы шара барысында аясы кейіп келе жатқан бағдарламаны бүге-шігесіне дейін меңгеріп алуға мүмкіндік алып отыр.

Айта кетейік, бағдарлама қала аумағында 2011 жылдың 1-шілдесінен іске асырыла бастады. Осы мерзім аралығында 25 мың тұрғын бағдарлама шеңберінде түрлі әлеуметтік қолдауларға ие болды. Жыл басынан бері 2711 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына қол жеткізді. «Жастар практикасы» жолдамасына 2116 жас ие болған. Шымкент қаласы жұмыспен қамту орталығының басшылығы осы бағдарламаны іске асырыла бастағанда жұмыс берушілердің жалған деректері көптеген кемшіліктердің орын алуына себеп болғанын айтады. Алайда, құқық қорғаушылар орын алған олқылықтарды анықтап, заң бұзғандарға тиісті шаралар қолданған. Орталық басшысы алдағы уақытта әлеуметтік сала мамандарының білім-біліктіктерін арттырып, ондай заң бұзушылықтардың алдын алып отыратынына сендірді.