"Ұлт тағдыры" ҚБ бұл жұмыстардың нәтижесін бір айдан соң тағы да тексеріп көрмек
"Ұлт тағдыры" ҚБ бұл жұмыстардың нәтижесін бір айдан соң тағы да тексеріп көрмек
«Ұлт тағдыры» ҚБ бұл жұмыстардың нәтижесін бір айдан соң тағы да тексеріп көрмек

Мемлекеттік тілді менсінбейтіндер көп. «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігі Шымкенттегі адам нөпірі көп орындарға мониторинг жасап, осындай қорытындыға келді.

Қоғамдық бірлестік өкілдері шаһардағы теміржол вокзалын, «Самал» базарын және «Скат» әуе компаниясының кеңсесін тексерген. Нәтижесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясы бар болғаны 49 пайыз екенін көріп таң қалған. Яғни, қазақ тілінде жазылған маңдайшаларға қарағанда орыс тілділері көп. Қазақша аудармасы мүлдем жоқ.

«Ұлт тағдырына алаңдағандар мәселенің бұлайша ұшығуына қадағалау жұмыстарын дұрыс жүргізбейтін тіл басқармасы мен облыс прокурорларын айыптап отыр. Қоғамдық бірлестік өкілдері енді жағдайды облыс әкіміне хат жазу арқылы реттеуді көздеп отыр.

Жарқынбек Сейтінбекұлы, «Ұлт тағдыры» ҚБ ОҚО бағдарламалар жетекшісі: «Теміржол вокзалында біздер 62 түрлі жарнама, ақпараттық жазуды көрдік. Сол 62 ақпараттық жазбаның ішінде 30-ның қазақша аудармасы жоқ. Екінші, әуежайда болдық. Онда негізінен мемлекеттік тіл туралы заң орындалған. Соның ішінде, «КазСат» деген әуе компаниясы бар екен. Сол жерде қазақ тілінде жазылған бірде-бір ақпарды көрмейсіз. Үшіншісі, «Самал» автовокзалында да сол жағдай. Ішкі жағы талапқа сай. Ал сыртқы бөліктері – орысша. Барлық мекемелердің басшыларымен сөйлестік. Барлығының жауабы «бұл майда-шүйде нәрсе ғой» дейді. Жоқ! Біз үшін бұл жәй нәрсе емес! Қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек!»