"Ақ алтын" мәдениет үйі

Мақтаарал ауданы тағы бір мәдени нысанмен толықты. Мырзакент кентінде «Ақ алтын» деп аталатын мәдениет үйі ашылды. 240 орынды ғимараттың құрылыс жұмыстары жарты жыл бұрын басталған. Мекемені салуға қазынадан 300 миллион теңге жұмсалыпты. Ал ауылдың шеберлері бұған дейін, тіпті, қолөнерлерін қоятын мәдени орын таппаған екен. Сондықтан салтанатты шара аясында жергілікті өнер иелері өз еңбектерінен көрме ұсынды.

"Ақ алтын" мәдениет үйі
«Ақ алтын» мәдениет үйі

Тұрсынбай Танбаев, шебер: «Бұған дейін біздің жасаған бұйымдарымыз мектеп мұражайларында тұрды, мектепішілік іс-шараларда, Наурыз мерекелеріндегі алаңдарда, өзге аудандардағы мәдениет ошақтарында да қойылатын. Негізі, біз қолөнер бұйымдарының барлығын да табиғи материал – ағаштан жасаймыз. Жұмысты оқушылармен бірге, шығармашылық бағытта істеп келе жатырмыз. Аудандағы қолөнер мәдениетін осылай да қарапайым жолмен дамытуға болады. Енді бұйымдарымызды мына жаңа мәдениет үйіне әкеліп қоя алатын болдық.»

Мәдениет үйінің ашылу салтанаты концерттік бағарламаға ұласты. Осы сахнаға алғаш болып өнер көрсетуді қалағандардың де қатары қалың. Ал ауыл тұрғындары Мырзакенттен әлі талай таланттың түлейтініне сенімді.