«Нұрсәтте» емхана ашылды

Емхана өз жұмысын екі аптадан соң толықтай бастамақ
Емхана өз жұмысын екі аптадан соң толықтай бастамақ
Емхана өз жұмысын екі аптадан соң толықтай бастамақ

Шымкент қаласының туған күні қарсаңында «Нұрсәт» шағынауданынан №3 емхана ашылды. Салтанатты түрде тұсауы кесілген мекеме жаңа диагностикалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Атап айтсақ, сәулелік (маммографияны қосқанда), функционалдық, эндоскопиялық, биохимиялық, иммунологиялық диагностикамен қамтылған.

Мекеме бір мезетте 500 науқасты емдеп, кеңес бере алады. Енді бұрын «Айқаптағы», 11-шағынаудандағы емханаларға қаралатын қала тұрғындары осында келсе болады.

Бес шағынауданның 40 мың халқына қызмет ететін орталықта 200-ден аса білікті дәрігер жұмыс істейді. Қалалық №3 емханаға «Нұрсәт», «Нұртас», «Түркістан», «Айқап», «Отырар» шағынаудандарының тұрғындары қаралып, ем-дом алатын болады.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың айтуынша, соңғы 4 жылдан бері өңірдегі денсаулық сақтау саласы аяққа тұрып келеді. Емхана-ауруханалар саны көбейіп, нәтижесінде ана мен бала өлімі мейлінше азайған. Бұл өз кезегінде мемлекет тарапынан облысқа жасалып жатқан қамқорлықтың айқын дәлелі болса керек.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=2zRctd6FQEE[/youtube]