Нашақорлыққа қарсы тілшілер бас қосты

Жиналғандарға нашақорлыққа қарсы насихат жүргізілді
Жиналғандарға нашақорлыққа қарсы насихат жүргізілді

Бүгін салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында «Нашақорлыққа қарсы насихат» тақырыбында жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен семинар өтті. Жиынның мақсаты, нашақорлық мәселесін жазып жүрген тілшілердің біліктілігін арттыру. » Жарық Әлем» қоғамдық бірлестігі осымен 5-ші қалада болып, есірткінің Қазақстанда оңай таралуының себептерін түсіндіріп өтті.

Жиналғандарға нашақорлыққа қарсы насихат жүргізілді
Жиналғандарға нашақорлыққа қарсы насихат жүргізілді

 

Манандардың айтуынша, қазір Алматы облысы нашақорлардың санынан көш бастап тұр. Одан кейінгі Қарағанды Повлодар облыстары. Шығыс Қазақстанда да есірткіге есі кеткендер саны көбейіп отыр. Жыл сайын шамамен 20 адам осы дертке шалдығады екен. Оның ішінде 13 пен 30 жас аралығында жастар көптеп кездесуде.
Науат Айтуғанова, «ЖарықӘлем» қоғамдық бірлестігі басшысының орынбасары: «Семинарды Қарағанды, Астана, Алматы, Қызылорда, Шымкент қаласында өткізіп жатырмыз. Журналистерге нашақорлыққа қарсы мақалаларды дұрыс жазуын сондай-ақ телеарналардағы жаңалықтарды немесе бағдарламаларды  қалай жазылуын үйретудеміз».

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=P-D1gAiiouw[/youtube]