Мына жүргізуші куәлігін үйде қалдырып кеткен

Оңтүстікте мас халде көлік басқаратындар көбейіп барады. Жол полицейлері бұған таяуда өткізген рейд барысында көз жеткізді. Түлкібас ауданында өткен тексеру барысында рөлге мас күйінде отырған оннан астам жүргізуші анықталды. Айта кетейік, биыл республика бойынша жол апатынан мерт болғандар былтырғы қара тізімнен асып кетті.

Мына жүргізуші куәлігін үйде қалдырып кеткен
Мына жүргізуші куәлігін үйде қалдырып кеткен

Аяғында әрең тұрған мына азамат мас екенін мойындамайды. Мұнысымен қоймай полиция қызметкерлерінің нұсқауына бағынбай, қашып кетпек болған. Ал ұсталған соң жергілікті полиция қызметкері болып істеймін деп бопасаламақ та болды. Соңынан наркологиялық тексеруге келгенде сырбаздық танытып бақты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=MWATNAkf0Sc[/youtube]

Арнайы құрал «2» деген көрсеткішті көрсетіп берді. Ал бұл – орта дәрежелі мастықты білдіреді. Онсыз да жоғары қатерлі көлік құралын ащы су ұрттап алып, басқаратындардың кесірінен елімізде жол апаттары жиілеген. Былтыр елімізде жол апатынан 2145 адам мерт болса, биыл 9 айдың өзінде 2 273 адам қайтыс болған. Осындай статистикамен Қазақстан әлемде 2-орында тұр. Бұл қайғылы көрсеткіш Елбасының да назарынан тыс қалмады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=E3KfoBj57CM[/youtube]

Ал бұл жолғы рейд нәтижесінде 30-дан астам жүргізушінің үстінен жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде мас халде көлік басқарғандардың саны – 11. Барлығының көліктерді ақылы айып тұрағына қамалды. Полицейлер мұндай рейд алдағы уақытта облыстың өзге аудандарында өтеді деп жоспарлап отыр.