Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 70 жылдық мерейтойына орай оқу орнының жеңіл және тамақ өнеркәсібінің студенттері ұжымға керемет тосынсый жасады.
Ол — үлкен торт. Іргелі жоғарғы оқу орнының ғимараттары сомдалған тортты аталған факультеттің студенттері пісірген. Университеттің 70 жылдық торқалы тойына келгендер тәтті наннан ауыз тиіп, мәре-сәре болды. Айтпақшы, бұл күні жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультетінің белсенді жастары өздері пісіріп әкелген тоқаш, құймақ, тәттілерін асханадағы бағадан 10-15 теңгеге арзан саудалап, ортақ жинақ сандықшаны теңгеге толтырды. Айта өтейік, бұл факультетте бүгінгі таңда 1300 студент білім алады.
Өмірхан Пайыз, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің жеңіл және тамақ өнеркәсібі факультетінің 3-курс студенті, студенттік ректордың тәрбие ісі жөніндегі проректоры: «Бізді бизнес жасап жатыр деп оймап қалмаңыздар. Біз — белсенді студенттер алдағы уақытта көптеген іс-шаралар жасап жатырмыз. Соған жылдық қор жинау керек. Жиналған ақшаны әлі санағанымыз жоқ.»
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=LIMk5XB97A4[/youtube]