Сайлаған әкімім сен болсаң…

Ауыл әкімі 50 мың теңге үшін жер бермек болған
Ауыл әкімі 50 мың теңге үшін жер бермек болған
Ауыл әкімі 50 мың теңге үшін жер бермек болған

«Таңдаған тазға жолығады.» Қазақстанда тұңғыш сайланған ауыл әкімдерінің алғашқысы парамен ұсталды.

Қаржы полицейлері Сарыағаш ауданына қарасты Тегісшіл ауылдық округінің әкімі Бақыт Жүсіповті пара алып тұрған жерінде қолға түсірген.

Ол жер телімін сұрап келген жерлесінен 50 мың теңге сұрапты. Алайда ауыл басшысы бұл параны тіке өзі алмаған. Ойын араға делдардар салып жүзеге асырмақ болады.

Айта өтейік, жуырда ғана өткен ауыл әкімдерін сайлау барысында Бақыт Жүсіпов Тегісшіл ауылына әкім болып сайланған еді.

Әнель Матиева, облыстық қаржы полициясының баспасөз жетекшісі: «26-қыркүйекте Жүсіповқа қатысты пара алу дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Ал пара алу ісіне делдал болушыға қатысты қосымша ҚР қылмыстық кодексінің 311-бабы, 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда күдікті азамат соттың санкциясымен қамауға алынған, ал делдал азаматшаға қатысты «ешқайда кетпеу туралы» бұлтартпау шарасы қолданылған.»