Оңтүстікте шаруалардың еңбегі ақталмай тұр. Күздік өнімді жинауға кіріскенімен, ақ алтынның көлемі көңіл көншітпейді. Бұдан бөлек, мақта нарығының түсіп кеткен. Шаруалар осылай деп ашынып отыр. Бәрінен бұрын өнім бағасының төмендет егіс алқабында жүрген шаруалардың да еңбекақысының қысқаруына түрткі болуда.
Мырзашөл жұрты таң сәріден қара кешке дейін білек сыбана ақ алтын жинауға кіріскен. Күннің ыстығына қарамай, өнімді тездетіп жинап алуы керек. Осылайша жерлестеріміз тер төгіп жүргенде ақ алтынның бағасы 84 теңге болып бекітіліпті. Бұл баға шаруаларды абдыратып тастады. Жұмысқа деген ынта-ықыласын жойды.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=NXgqw1JO_LM[/youtube]
Зүлфия Машрапова, кәсіпкер: «Бағасы онша көңілдегідей емес. Шығынды өтемейді. Себебі мынау арбаның өзін жалдайтын болсам, терімшілерім бар, он-он бес адам. Олар кешіксе, мен ұтыламын. Күні бойы өнімді таситын көліктер бар, бригадирлердің ақысы бар. Жаңағыдай арбаның иесі күніне 3-4 мың теңге алады. Өзімнің техникам болса, жақсы болар еді.»
Бір егістік алқаптың өзінде 50 шақты адам бар екенін ескерсек, мақтаның бағасы түскендіктен, олардың да жалақысы азаяды. Мәселен, терімшілер бүгінде 1 келі мақта тергені үшін 17 теңге алады.
Күміскүл Ибадуллаева, терімші: «Мақтаның бағасы көтерілмегеннен кейін халықтың еккенінен пайда жоқ қой бәрібір. Өзінің шығынын ақтамайды, мақта егіп көрдім мен. Болмады.»
Ал дәл бүгінгі күні мақта қабылдау орындарында қайнаған жұмыс. Мұнда күінне 40-50 тоннаға жуық өнім әкелінеді. Көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда анағұрлым аз.
Ізбасар Спандияров, «САРМАТ» мақта қабылдау бекетінің өкілі: «Биыл мақта жылдағыға қарағанда төмендеу. Оған, ең алдымен, ауа райының қолайсыздығы себеп. Ал бағаның көтерілмеуі — нарықтық факторлар. Бірде көтеріледі, бірде төмен түседі дегендей.»
Қазіргі уақытта ақ алтынның бағасы тұрақтай қойған жоқ. Сондықтан мақтаның шитін де қажетке жаратуға болады. Бірақ бұл үшін билік тарапынан немесе кәсіпкерлерден қомақты қолдау болуы тиіс дейді мақтааралдық шаруалар.