Оқиға № 87 мектепте орын алған. Мектептің даярлық тобының оқушысы Нұрай Өмірәлі сабақтан соң үйіне оралмапты. Оны 50-55 жастағы әйелдің ертіп кеткенін көргендер бар.
Әдетте 6 жасар Нұрайды мектептен ұстаздарының бақылауымен ата-анасы алып кететін еді. Сол күні қыз сабақтан қайтып бара жатқан сәтте 50-55 жас аралығында ақ орамал киген белгісіз әйел сынып жетекшісіне өзін апасымын деп таныстырып, мектепке келген. Кішкентай қыз да сол әйелдің алдынан жүгіріп шығыпты.
Ал Нұрайдың ата-анасы болған оқиғадан есеңгіреп қалған. Айтуынша, қызын алып кетуге өздерінен басқа ешкім келмеуі тиіс. Дегенмен, Нұрайды кімнің алып кетуі мүмкін екенін білмей отыр. Сондықтан уайымға батқан отбасы түні бойы перзентін іздеп шыққан.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=KWIFYs3xRBw[/youtube]
Қазір бүлдіршінді іздеуге Абай полиция бөлімінің жеке құрамы аяғынан тік тұрған. Жас қыздың фотороботы да жасалған. Полицейлер таныс отбасыларыдң бәрін тексеріп, теміржол және автовокзалдарға бақылау қойған.
Қазіргі таңда қылмысты кодекстің 125-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда мұғалімдер мен еріктілерден құралған топ Нұрайды іздестіруге полицейлерге көмектесіп жатыр.