Иттер сайысы қызып жатыр

Шымкентте асыл тұқымдас иттердің көрмесі өтті. Бұл іс-шара қаладағы Металлургтер саябағында ұйымдастырылған. Таңертеңнен мұнда 80-ге тарта ит жиналды.

Иттер сайысына Ресейден келген маман төрелік етті
Иттер сайысына Ресейден келген маман төрелік етті

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы сайыстың деңгейі – ерекше. Себебі, алғаш рет иттердің өнерін сынау үшін Ресейден мамандар шақырылыпты. Оған қоса көрмеге жиналған иттердің саны да артып отыр.

Иттер сайысы қызып жатыр
Иттер сайысы қызып жатыр

Үй жануарлары өз иелерімен бірге алаңды айналып жүгіріп, өнерлерін көрсетуі тиіс. Одан кейін түрлі кедергілерден секіріп өту, қарапайым жаттығуларды орындау секілді тапсырмалар бар.

Көрмеге келген жалғыз чау-чау тұқымдас ит
Көрмеге келген жалғыз чау-чау тұқымдас ит
Көрмеге иттердің 29 түрі қатыстырылуда. Солардың бірі - алабай тұқымдас мына төбет
Көрмеге иттердің 29 түрі қатыстырылуда. Солардың бірі – алабай тұқымдас мына төбет
Өзі бульдогқа ұқсайтын неаполитан мастифі
Өзі бульдогқа ұқсайтын неаполитан мастифі
Жеңімпаздарға иттердің жеңсік асы беріледі
Жеңімпаздарға иттердің жеңсік асы беріледі

Жарыс кешке дейін созылды. Төрешілердің бірауызды шешімімен Бордос догы мен Тараздан келген Алабай тұқымдас иті жеңімпаз деп танылды.