Қала күнінің қарсаңында Шымкентте «Көрме орталығы» ашылды. Көлемі 2 мың шаршы метрді алатын орын облыстық әкімшілік-іскерлік орталығы маңында бой көтерген. Енді мұнда облысымыз бен алыс-жақын шетелдердегі ауыл шаруашылы5s тауарларын өндірушілер өз өнімдерін қойып, шаруаларымыздың назарына ұсынатын болады. Осыған орай облыс халқы «Шымкент Агро — 2013» агротехнологиялар көрмесінің ашылуына куә болды.
Көрмеге өзіміздің шаруалардан өзге Қызылорда, Жамбыл облысынан және көрші Өзбекстан мен Қырғызстандық кәсіпкерлер бар, бас-аяғы мың адам қатысты. Тауар өндірушілердің бірі — түркиялық компания. Сауын малға қажетті құрал-жабдықтар ұсынған серіктестіктің өз тауарларын түстікте саудалап жатқанына бір жылдан енді асыпты. Сапалы өнімге қызығушылар осы жерден-ақ табыла кетті.
Халықаралық көрменің бірінші күніне облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысты. Ол агроөнеркәсіп кешеніндегі жаңа инновацияық технологиялармен танысты. Оның ішінде бельгиялық Schetelig Kazakhstan компаниясының гидропоникада көкөністер өсіру технологиясы, Agrotecnika Luccini және Ринда компанияларының жоғары өнімділікке қол жеткізетін тамшылатып суару жүйесімен, Nassan, J. Huette, Invertnaderos IMA компанияларының жылыжай кешендерін салудың жаңа технологиясымен танысты.
Бұл көрме ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен фермерлерге агроөнеркәсіп кешеніндегі жаңа технологиялармен танысуға және іскери байланыстар орнатуға мүкіндік береді. Осындай іс-шаралар жыл сайын өткізіледі деп жоспарланған. Нәтижесінде кәсіпорындарға, шаруаларға, фермерлерге қаладан шықпай-ақ технологияларды зерттеуге, келіссөздер жүргізуге, халықаралық алаңда келісім-шарттарға қол қоюға үлкен мүмкіншіліктер береді.
Халықаралық көрме шеңберінде «Агроөнеркәсіп кешеніндегі инновациялық технологиялар» атты семинар өткізілді. Оған Рийк Цваан, Ирригатор, БИО БЕСТ, METRO, Яра, КазНИИ секілді ұйымдар қатысты.
Семинарда жылыжай комбинаттарының дамуы, Қазақстанда жаңа технологияларды қолдана отырып жылыжай кешендерін салу, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы мен келешегіне арналған жоспарлар, инновациялық жобалар, тамшылатып суару жүйесіне өту, өсімдік кеселдеріне қарсы күрестегі жаңа зерттеулер, билогиялық қорғау мәселелері талқыланды.
Шаруалардың игілігі үшін салынған орталықтың артықшылығы сол, кәсіпкерлеріміз енді көрме аралап, шекара аспайды. Керек тауарын осы орталықта көріп, зерттеп, сосын сатып ала алады. Яғни, көрме үнемі жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, бұдан былай мұнда түрлі дәрежедегі мәдени іс-шаралар мен семинар, басқосулар да өткізілмек.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=LEPgoKBGiJQ[/youtube]
Жалпы, 9 айдың қорытындысы бойынша, Оңтүстікте ауыл шаруашылығы тауарының өндірісі 221 миллиард теңгеге жетіпті. Бұл — өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 61 миллиард теңгег артық. Ал бұл кешеннің құрылысына облыстық бюджеттен 614 миллион теңге бөлінген.