«КазРиэлт» порталы Шымкентте пәтер бағасы 13%-ға қымбаттады деп хабарлады. Қаладағы пәтерлердің бір шаршы метрі 154 мың 203 теңгені төңіректейді. Ал жеке тұрғын үйлер қыркүйек айында орта есеппен 2,58% -ға қымбаттады. Ал тұрғын үй құрылысына берілетін, бау-бақша, шаруашылық мақсаттағы жер телімдері 3,57%-ға өскен. Жер телімдерінің бір соттығы 490 мың теңге көлемінде сатылуда.