Шымкентте тәртіп сақшыларының қатысуымен рейд ұйымдастырылды. Оған Еңбекші ауданының әкімдігі мұрындық болған. Ювеналды полиция қызметкерлері мен әкімдік мамандары, мұғалімдер түнгі сағат 22:00-ден кейін ойынханалар мен көлік жуу орындарын тексерді.
Мұндағы мақсат — ойын-сауық орталықтарында ересектердің қарауынсыз жүрген жасөспірімдерді анықтау болатын. Ә дегеннен ойынханада отырған жасөспірімдер табылып, ата-аналары шақыртылады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=KDbH0sD7t0g[/youtube]
Рейд кезінде бұған қоса букмекерлік орталықта жүрген жеткіншек табылды. Анықталған оқушылардың барлығының құжаты жоқ. Сондықтан жеке басын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.