Шымкенттегі азық-түлік сататын сауда нүктелері ешқандай санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай емес! Қаладағы бірқатар сауда орындарын тексерген прокурорлар мен санэпидемиологтар осындай мәлімдеме жасады.
Мәселен, Шымкенттегі ең беделді «Фиркан» сауда орталығындағы сауда сөресіндегі тауардың мерзімі өтіп кеткен. Мұндай жәйт сауда орнында жиі кездеседі екен. Азық-түлік сататын сауда бөлімін күні бойы тексерген прокурорлар мен санитарлық қадағалаушы мамандар бұл жерде де тұнып тұрған заңбұзушылықтар бар дейді. Тауық еті, шошқа мен үндік ет орамының қай жерден және қашан әкелінгенін білу мүмкін емес. Сөрелердегі көз жауын алатын шұжықтар шірімесе де, адам өміріне әжептеуір қауіп төндіруі мүмкін екен. Тексерушілер салаттарының да сату бөліміне келу мерзімін біле алмай дал болды. Ал шетелден тасымалданатын көп тауарда қазақ тілінде ақпарат жазылмаған. Қазір бұл сауда орталығына қатысты іс қозғалып жатыр.
Мәрияш Сейталиева, ОҚО санэпидемиологиялық қадағалау басқармасының бөлім жетекшісі: «Біз екі күн бойы медициналық кітапшаның бар-жоғын біле алмай отырмыз. Сол сияқты мына жерде сатылып жатқан дайын салаттардың барлық құжаттарынан қауіпсіздік ережелерін көре алмай отырмыз.»