Жас жігіттер тексеруден өтіп жатыр

Қазақстанда әскер қатарына шақырудың күзгі науқаны басталды. Болашақ сарбаздардың алды медициналық тексеруден өтіп жатыр. Мамандардың айтуынша, әскерге шақырылған жігіттердің 40 пайызының денсаулығында әртүрлі ақау бар. Олардың басым бөлігі майтабан және жүрек ауруына шалдыққандар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=YubKicgojd4[/youtube]

Жас жігіттер тексеруден өтіп жатыр
Жас жігіттер тексеруден өтіп жатыр

Әскерилер, ең алдымен, әскерге шақырылған азаматтардың әскери борышын өтеуге деген талпынысы болу керек дейді. Алайда тексеру комиссиясының соңғы нүктесін дәрігер мамандар қояды. Күзге шақыру 3 кезеңнен тұрады. Биыл 1 ай ішінде Шымкент бойынша 300  жас Қарулы күштер қатарына аттануы тиіс.