Батырбек Көшербай ОҚ облысы 2013-2014 жылу беру маусымына сақадай сай дейді

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 3152 көпқабатты үйдің 2227-і орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген. Жылу мекемелері қажетті қатты және сұйық отынмен қамтылған. Алдағы қыста орталықтарда табиғи газдан қиындық болмайды. Сала мамандары осылай деп сендірді.

Батырбек Көшербай  ОҚ облысы  2013-2014 жылу беру маусымына сақадай сай дейді

Батырбек Көшербай, облыстық энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы: «Өңірімізден «Бейнеу – Бозай» газ құбыры өңірімізден өтеді. Бұрын көгілдір отын үшін Өзбекстанға тәуелді едік. Енді табиғи отыннан таппшылық көрмейміз. Мамандармен келістік, жылу орталықтарына табиғи газ қажет болғанда, олар газбен толық қамтитын болды.»

Биыл Шымкенттің «Оңтүстік» бөлігінде және «Теріскей», «Сайрам» шағынаудандарындағы 30 шақырымға жуық жылу жүйесі жөнделген. Бұл шаралардың кешеуілдеуіне қаржыландырудың тым кешіккені себеп болған.

Басқарма басшысы нұрсәттіктер алдағы жылу маусымында тоңбайды дейді. Өйткені шағынаудандағы насос станциясында құрылыс жұмыстары жүргізіліп, стратегиялық маңызды нысан іске 1-қарашада қосылмақ. Өткен қыстарда бүрсең қаққан кентаулықтардың да жағдайы ескеріліп, жылу орталығындағы 6 қазандық ағымдағы жөндеуден өтікізіліпті. Тозығы жеткен ішкі және магистральді құбырлардың басым бөлігі жаңаланыпты. Енді атқарылған жұмыстың сапасы алдағы қыста белгілі болмақ.

 Батырбек Көшербай: «Облыстағы 929 елдімекеннің 226-ы табиғи газбен қамтылған. Соңғы 10 жылда 96 елдімекенге газ берілсе, 2 жылда 51 елдімекенге газ тартылған. Түлкібас ауданында қалған 5 елдімекен газға қосылып, толығымен көлігдір отынмен қамтылды. Газли-Шымкент магистралды газ құбыры бағытындағы 419 елдімекен 2019 жылға дейін табиғи газбен жабдықталатын болады.»