дөңгелек үстел барысы

Заңдық маңызы бар фактілерді анықтау – әр мекеменің міндеті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері және қорғаушылардың қатысуымен өткен дөңгелек үстел барасында осы тақырып талқыланды.

дөңгелек үстел барысы
Дөңгелек үстел

Абай аудандық соты төрағасының айтуынша, «Сотқа бар» деген сөзді қысқартатын кез келген. Әсіресе, зейнетақы төлеу орталығының мамандары фактіге сәйкес келмейтін істерді сотқа жіберуді доғаруы керек екен. Бір әріптік қатеге бола азаматтарды сотқа жібергенше, сауатты сілтеме беріп, мұрағатқа жібереген жөн дейді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=emiqHmgF7UY[/youtube]

 

Дәл осындай қателікке төтенша жағдайлар департаменті де жол беретін көрінеді. Осылайша жергілікті органдағы мамандар мен судьялар арасында бірізділіктің қажеттілігі айқындалды. Түсінбеген сұрағын алдын-ала тәпіштеп алған жөн дейді бақылаушы орган.

Түгел Бегімбет, Абай аудандық сотының төрағасы:  «Елдің бізге ренжуі көбейіп бара жатыр. Қарайтын істі де, қарамайтын істі де бізге жіберіп жатыр. «Бар, сотқа бара сал, сот шешім шығарып береді» дейді де бізге жібере салады. Азаматтарға дұрыс жауап беріп, дұрыс жол сілтеп, бірге жұмыс істейік. Елді сандалтпайтын жағын қарастырайық».