Түлкібаста туризм дамымай тұр

Түлкібас ауданындағы

Түлкібас ауданында жалпы өнімнің көлемі 22 млрд 168 млн. теңгені құрады. Жылдың басынан өнеркәсіпорындар 12 млрд теңгенің өнімін өндірген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 103,4 пайызға өскен.

Қайрат Абдуалиев, Түлкібас ауданының әкімі: «2013 жылдың 9 айдың қорытындсы түгендеу ауданда 1 ірі, 7 орта , 22 кіші және 2 қосалқы барлығы 32 кәсіпорын жұмыс атқаруда. белсенді жұмыс атқаратыны 22, мезгілді -10.Тоқтап тұрған кәсіпорын жоқ».

Білім беру саласын қаржыландыру республикалық эжәне жергілікті бюджеттерден 4 млрд жуық қаржы бөлінген. Күрделі жөндеу жұмыстары Абай мектеп гимназиясында және Лермонтов атындағы орта мектепте жүргізіліп, қаржы толығымен игерілген. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында бөлінген 150 млн қаржыға Тастұмсық, Арыс, Кемербастау Шақпақ, Балықты ауылдық округітерінің ішкі жолдары жөнделді. Аудан мәслихатының депутаттары бұл салада атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Сәбит Қалдыкөзов, Түлкібас аудандық мәслихат депутаты: «Көпірдің құрылысы бітпеген. Қайтадан келер жылға қалды ма?»

Түлкібас ауданындағы
Түлкібас ауданы

Есеп беру жиынында туризм саласын дамыту барысы да көтерілді. Соңғы жылдары ауданда 2 туристік база 4 қонақ үй салынып, Жабағлы ауылында 3 қонақ қабылдау үйі қызмет көрсетуде. Алайда салаға үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп, инженерлік құрылым тартылмаса, саяхатшыларды қызықтыру мүмкін емес дейді түлкібастықтар.