Тұмауға қарсы екпе жасату басталды

Шара 1-қазаннан 1-желтоқсанға дейін жалғаспақ. Вакцинациялау жыл сайын жергі­лікті бюджет есебінен жүзеге асады

Облысымызда тұмауға қарсы егу жұмыстары басталды. Шара 1-қазаннан 1-желтоқсанға дейін жалғаспақ. Вакцинациялау жыл сайын жергі­лікті бюджет есебінен жүзеге асады. Биыл бұл мақсатта жергілікті бюджет есебінен 240513020 теңге көлемінде қаржы қарастырылып, 353000 вакцина сатып алынған. Сала мамандарының сөзіне сүйенсек, бұл вакцина облыс халқының 12,9%-на жетеді. Екпе медицина қыз­меткерлеріне, 60 жастан асқан адам­дарға, созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры, иммундық жетіспеушілігі ауруларымен диспансерлік есепте тұр­ған және әлсіз балалар мен ересектерге, алты айдан асқан аурушаң сәбилерге, балалар және қарттар үйін мекендеушілерге, мүгедектер мен жүктіліктің екінші немесе үшін­ші кезеңіндегі әйелдерге, медицина қызметкерлеріне тегін жүргізіледі.

Ал, ақылы екпені «Еврофарма» дәріханалар желісі мен «Дау-мед» медициналық орталығы, «Амбулаториялық хирургия, травматология және гинекология орталығында» салдыруға болады.

Айжан ЕРМЕКҚЫЗЫ