Тұмауға қарсы екпе басталды

506

Облысымызда тұмауға қарсы егу жұмыстары басталды. Шара 1-қазаннан 1-желтоқсанға дейінгі аралықта жалғаспақ. Вакцинациялау жыл сайын жергі­лікті бюджет есебінен жүзеге асады. Биыл бұл мақсатта жергілікті бюджет есебінен 240 миллион теңгеден астам қаржы қарастырылып,  353000 вакцина бөлінген.

ауруды емдегенше, алдын алған жөн
Ауруды емдегенше, оның алдын алған жөн

Сала мамандарының сөзіне сүйенсек, бұл вакцина облыс халқының 12,9 %-на жетеді. Екпе медицина қыз­меткерлеріне, тәуекел тобына жататын 60 жастан асқан адам­дарға, созылмалы өкпе, жүрек-қан тарымыры, иммундық жетіспеушілігі ауруларымен диспансерлік есепте тұр­ған және әлсіз балалар мен ересектерге, алты айдан асқан аурушаң сәбилерге, балалар және қарттар үйін мекендеушілерге, мүгедектер мен жүктіліктің екінші немесе үшін­ші кезеңіндегі әйелдерге, медицина қызметкерлеріне тегін жүргізіледі.

Айта кетейік, ақылы екпені «Еврофарма» дәріханалар желісі мен «Дау-мед» медициналық орталығы, «Амбулаториялық хирургия, травматология және гинекология орталығында» салдыруға болады.