Теріскейліктер қысқа дайын

344
Теріскейдегі 36 көпқабатты үй жылу маусымына дайын

Қыстың қамын жаз ойлаған Созақ ауданында қысқа дайындық жұмыстары аяқталды. Таукент пен Қыземшек кенттеріндегі көпқабатты 39 тұрғын үйдің жертөлелеріне өткен жылы 296 миллион теңгеге күрделі жөндеу, биыл ағымдағы жөндеу жүргізілген.

Бақытжан Төлепбергенов, Созақ аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы: «Бүгінгі таңда 2013-2014 жылу маусымына толығымен дайынбыз деп айта аламыз. Аудандағы 88 әлеуметтік нысан қатты және сұйық отынмен қамтамасыз етілген. Әр мекемеге бюджеттен қаржы қаралған. Ысырап етпей өздері жаратады.»

Теріскейдегі 36 көпқабатты үй жылу маусымына дайын
Теріскейдегі көпқабатты үйдің барлығы жылу маусымына дайын

Аудандық білім беру бөліміне қарасты 53 білім беру нысаны бар. Ондағы балабақшалардың ішкі температурасы әзірге жылы. Барлық балабақша мен мектептер қажетті отынмен қамтамасыз етілген.

Мамырхан Әбдиев, Созақ аудандық білім беру бөлімі басшысының орынбасары: «Қажетті 11 578 тонна қатты отынды «VIP-M» ЖШС мектеп пен балабақшаларға жеткізіп берді. 704381 тонна сұйық отын қажет еді. Қазір білім беру ұйымдарындағы ыдыстың сыйымдылығына қарай 3000 тонна жеткізілді. Қалғаны сақтаулы тұр. Кез келген уақытта «Бибо-К» ЖШС жеткізіп береді.»

Ауданның тұрғындарына 21000 тонна қатты отын қажет болса, қазір оның жартысы таратылыпты. Тасымалмен 3 кәсіпкер айналысып отыр. Көмірдің бағасы тұрғындарды қанағаттандыруда.

Әбдіманап Жүсіпов, Шолаққорған ауылының тұрғыны: «Биыл 5 тонна көмір алып жатырмын. Тоннасы — 10 мың тенгеден. Біздің отбасымыз үшін қымбат емес. Көлікке 2000 теңге төлейміз. Қыс бойы жылы отырсақ деген ойдамыз.»

Аудандағы 28 денсаулық сақтау орнына да қажетті отын жеткізілген. Ақсап тұрған мәселе де шешіліпті. Орталық емхананың сыртқы және ішкі жүйелері күрделі жөндеуден өткен. Жаңартылған жылу қазандығы арқылы үнемділікке қол жеткізілген.