Туған күнге жаңа нысандар пайдалануға берілді

280 орындық жаңа балабақша

Шымкентте қала күні қарсаңында әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Солардың бірі — «Күншығыс» шағынауданындағы №1 олимпиада резервін дайындайтын спорт мектебі балабақша болып қайта ашылды. Енді мұнда 280 бүлдіршін тәрбиеленеді. Сондай-ақ, Жиделі елдімекенінің тұрғындары да бұл күні қуанышқа кенелді. Мұнда көптен күткен 600 орындық заманауи үлгідегі мектеп ел игілігіне берілді.

280 орындық жаңа балабақша
280 орындық жаңа балабақша

Балалар мен жасөспірімдердің кешенді мамандырылған спорт мектебін метепке дейінгі тәрбие мекемесіне айналдыруға қазынаның 270 миллион теңгесі жұмсалған. Ғимаратты қайта құру жұмысы 2013 жылдың наурыз айында басталып, Қала күні қарсаңында бітті.

Дархан Сатыбалды, Шымкент қаласының әкімі: «Бізде 60 мыңнан астам сәби балабақша кезегінде тұр. Осы кезге дейін Шымкентте 201 балабақша болса, бүгін тағы біреуі қосылып отыр. Өткен жылы бүлдіршіндердің 61 пайызы балабақшамен қамтылған болса, биыл бұл көрсеткішті 70 пайызға жеткізіп отырмыз.»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=HZkiIyTIJcI[/youtube]

Қала аумағында қазір тағы 4 балабақша мен 2 білім ұясы салынып жатыр. Ал Жиделі елдімекеніндегі 600 орындық мектеп 2012 жылдың қазан айында басталған болатын. Құрылысы мерзімінен бұрын аяқталған білім ұясында бүгін алғашқы сабақ өтіліп, мектеп ауласында салтанатты жиын өтті.

Ербол Садыр, облыс әкімінің орынбасары: «Биыл біздің облысымызда 83 білім беру нысанының құрылысы жүріп жатыр. Соның ішінде 49 мектепті биыл пайдалануға беру жаспарланған. Ал оның 29-ын біз бүгінгі күнге дейін ел игілігіне тапсырдық.»