Шымкент зообағында жаңа жануарлар пайда болды. Бүгін хайуанаттар бағына екі зебра әкелінді. Олардың бірі 5 жаста болса, екіншісі — 3 жасар. Бұған дейін де баққа қаншама зебралар әкелінген болатын. Бірақ бұл жолғысы ерекше. Олар халықаралық қызыл кітапқа енген тау жануарлары.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=FUfEbAvuBsw[/youtube]
Алматыдан әкелінген аңдардың қазір жағдайы жақсы. Баптаушылар өте ширақ деп отыр. Айта өту керек, әкелінген ала құландар әлемдегі ең кішкентай зебралар болып саналады. Самалды салқын ауаға үйренген зебралар зообаққа түсе сала тайраңдап сала берді. Мамандар бұл жануарлар Оңтүстікке де үйреніп кетеді деп сенеді.
Алматылық Самца мен Самкуды енді шымкенттіктер өз хайуанаттар бағынан да көре алады.