«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV съезінен үлкен серпіліспен келген оңтүстікқазақстандық делегация мүшелері бүгін бас қосып, мәжіліс өткізді. Мұндағы мақсат — съезде берілген тапсырмалар мен партия шешімдерін жүзеге асыру.
Аудан, қала, ауылдардан жиналған 300-ден аса делегат жаңа қабылданған доктрина аясында бірлесе жұмыс істеуге бел байласты. Ең бастысы, халыққа жақын болып, нұрлы болашаққа бірге қадам басуға бет бұрды. Әсіресе, Елордадан оралған делегаттар сөз алып, ой-пікірімен бөлісіп, нұротандықтарды тек қана алда болуға шақырды.
Мария Белгібай, «Нұр Отан» партиясы Отырар аудандық фракциясынын жетекшісі: «Съезден жаңаша бір жігер, серпін алып келдім. Әсіресе, элетронды партияны құру маған қатты ұнады. Шалғайдағы ауыл тұрығыны өтініш тілегін қалай жеткізеді дегенге келгенде, оның алар орны ерек. Бұл партияның халыққа жақындағанын көрсетеді.»