Ынтымақтықтар аялдаманың жоқтығынан жолаушылар көлігіне уақтылы міне алмайды

Қала іргесінде орналасқан Ынтымақ ауылының тұрғындары билік басындағыларға базынасын жеткізе алмай келеді. Осы кезге дейін жерлестеріміздің әжетіне жарап келген көне аялдама алынып тастағалы бері тұрғындар далада қалғандай күй кешіп жүрміз дейді.

Ынтымақтықтар аялдаманың жоқтығынан жолаушылар көлігіне уақтылы міне алмайды
Ынтымақтықтар аялдаманың жоғынан жолаушылар көлігіне уақтылы міне алмайды

Ынтымақ ауылында 50 жыл тұрған аялдама енді жоқ. Бүгінде тұрғындар үшін тасжолдың кез-келген тұсы бекетке айналғандай. Ауа райының қолайсыздығы жанға батқан олар жақын жерден аялдаманың орын тепкенін қалайды. Мұнда көшенің келесі бетіне өту де мұң. Себебі, бағдаршам істен шыққан.

Бағдаршамның істен шыққанына байланысты тұрғындардың жолдан өтуі мұң
Бағдаршамның істен шығуына байланысты тұрғындардың жолдан өтуі мұң болды

Камал Мирзахамданов, Ынтымақ ауылының тұрғыны: «Біз келесі аялдамаға бару үшін 700 метр жер жүру керекпіз. Бағдаршам жұмыс істемейді. Көліктер қатты жылдамдықпен жүріп өтеді. Ана күні бір шалды қағып кетті. Жәбірленуші жақ мұсылманшылық жасап, кешіре салды. Жаздың шілдесінде балалы әйел, қарт кісілер шыжыған күннің астында қалды. Енді, міне, суық келді, жаңбыр мен қарда қалатын болдық. Қысқасы, бізге аялдама керек, бағдаршам да дұрыстап жұмыс істесін.»

Осылайша тұрғындар күніне мыңдаған көлік қатынайтын тасжолда бағдаршамның істен шыққаны мен қайғылы оқиғаның жиілеп кеткеніне алаңдайды. Ал жауапты мамандар бұл мәселеден бейхабар болып шықты. Олар бүгіннен бастап бағдаршамды іске қосуға әрекет жасайтынын айтты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=uW5NFpJMy6s[/youtube]

Ербол Омаров, ОҚО «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы( АҚ директорының орынбасары: «Жоба қазіргі уақытта аяқталуға жақын қалды. Бұған дейін сонда тұрған аялдамалар нормаға сай болмаса, өз тарапымыздан ескеріп, бәрін орнында қалдырдық. Әуежайдың бұрылысында айтып отырған аялдамалар бұрынғы өз орнында тұр. Жаңа заң бойынша бағдаршамнан 600 метр жерге орналасу керек.»

Жауапты мамандардың айтуынша, бағдаршам мен аялдаманың арақашықтығы 600 метр болу керек. Бұл – бекітілген заң талабы. Ал істен шыққан бағдаршам енді өшпейтін болады. Жауаптылар осылай деп сендіріп отыр.