Құрбан айттың дастарханы
Құрбан айттың дастарханы
Құрбан айттың дастарханы

Құрбан айттың үшінші күні «Арқау» қоғамдық қоры құрбандық шалып, Шымкенттегі зағип жандарға дастархан жайды. Мерекенің қарсаңында сауапты іс жасаған қайырымдылық қоры тағдырлас жандардың көңілін көтеріп, бісміллә деген мұсылманның басын қосты. Жүз көрісе алмаса да, арқа-жарқа болып қуанып, әңгіме құрған мүмкіндігі шектеулі жандар, айттық дастарханнан дәм ауыз тиісті.

Жанары нашар көретін жандарға демеушілік жасап жүрген кәсіпкер осы кісі Жұманәлі Сыздықов. Бизнесменнің өзі де 1-ші топтағы мүгедек. «Басқа түссе баспақшыл». Дегенмен, зағип жандардың жан дүниесін бұл азамат жақсы түсінеді. Сондықтан да болар қолы істен қалт етсе болды қайырымдылық шарасын жасауға асығып тұрамын дейді.

12 мүшеміз сау болса да күйбеңнің күрмеуіне тұтылып, теңгенің құлына айналып бара жатқанымыз іштей қынжылтатыны рас. Енді мүмкіндігі шектеулі жандардың осындай істерінен үлгі алсақ игі. Айта өткен жөн, облыс бойынша І және ІІ топтағы 5 мың зағип жан болса, соның 2 мыңнан астамы Шымкентте тұрады екен.